object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-20 07:35:48.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Жоғары сынып оқушыларына арналған дәріс

Ғылым күніне арналған іс-шаралар аясында Қостанай қаласындағы №16 мектептің жоғары сынып оқушылары үшін Ветеринарлық медицина кафедрасының профессоры Раушан Рыщанова «Ветеринарлық мектеп ғалымдарының жүргізіп жатқан ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары мен жетістіктері» тақырыбында ашық дәріс оқыды.

Дәріс барысында ҚӨУ-дегі ветеринарлық ғылыми мектептің құрылуының қысқаша тарихы, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті және Ауыл шаруашылығы министрлігінің гранттық қаржыландыруы негізіндегі ағымдағы ғылыми зерттеулердің тақырыптары және ветеринарлық ғылыми-зерттеу институтының мақсатты бағдарламалары жайлы айтылды. Сондай-ақ ол зерттеулер жүргізіліп жатқан ғылыми зертханалардың инфрақұрылымына тоқталды.

Сонымен қатар, Р.Рыщанованың шәкірттері, ғылыми мектептің студенттері, 2 курс магистранты Ғабит Мұқанов пен Ветеринарлық медицина мамандығының 1 курс докторанты Юлия Алешина сөз сөйлеп, таңдаған мамандықтары туралы, ғылымға қалай келгендері туралы әңгімеледі. Жас ғалымдар мектеп оқушыларының сұрақтарына жауап берді. Студенттерге мал дәрігері мамандығы, А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің институттары туралы кітапшалар таратылды.

Қабылдау комиссиясы