БОЛАШАҚ таңдау жасаудан басталады

Baitursynuly University Рудный қаласының болашақ талапкерлеріне өз мүмкіндіктерін таныстырды.

Қаладағы үш мектептің 11-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарын біріктірген кездесуде жастарға кәсіби бағдар берілді.

Іс-шараға ҚӨУ-дың кәсіптік бағдар беру және студенттерді қабылдау орталығының, педагогикалық институт пен факультеттердің өкілдері қатысты.

Кездесудің негізгі тақырыптары – ҰБТ-ға дайындық, болашақ мамандықты таңдау және білім алудың келесі бағытын айқындау.

Университет өкілдері болашақ талапкерлер мен олардың ата-аналарын білім беру бағдарламаларымен таныстырып, студенттік өмір, оқу мүмкіндіктері және кәсіби дамудың перспективалары туралы айтып берді.

Қатысушыларға университеттегі дайындық бағыттары мен Baitursynuly University-ге түсу тәртібі таныстырылды.

Кездесудің көркін университет студенттерінің арнайы дайындаған шығармашылық нөмірі аша түсті.

Шара соңында ҚӨУ өкілдері мектеп бітірушілер мен ата-аналардың барлық сұрақтарына жауап берді.

Мұндай кездесулер мектеп оқушыларына өз қызығушылығы мен мүмкіндіктерін жақсырақ түсінуге, болашақ мамандығын саралап, саналы таңдау жасауға мүмкіндік береді.

Қабылдау комиссиясы