Кездесудің мақсаты – жастарға болашақ мамандығын таңдауға бағыт-бағдар беріп, университеттің мүмкіндіктерімен жақынырақ таныстыру.
Бүгінде қандай мамандықтар сұранысқа ие? Қызығушылық пен қабілетке сай мамандықты қалай таңдауға болады? ҚӨУ-де білім алу қандай мүмкіндіктерге жол ашады? Кездесу барысында осы және басқа да маңызды сұрақтар талқыланды.
Оқушылар мен ата-аналар университеттің білім беру бағдарламалары, оқуға түсу талаптары және кәсіби даму мүмкіндіктері туралы ақпарат алды. Сондай-ақ мамандық таңдауда жеке қызығушылық пен қабілетті ғана емес, еңбек нарығының қазіргі талаптарын да ескеріп, саналы шешім қабылдаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

