object(DateTime)#1056 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-10-29 07:43:43.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Түлектерге арналған МЕДИАмектеп

Осы аптада Қостанай қаласының мектеп оқушылары Baitursynuly University медиамектебінде қонақта болды. Көрермен көп, қызығушылық ерекше!

Қонақтар бір күнді ҚӨУ-дің «Журналистика және коммуникациялық менеджмент» кафедрасында өткізді. Оқушылар журналистің шынайы жұмысымен танысып, ақпарат әлеміне саяхат жасады.

Олар диплом алған соң кәсіби өмірде қандай мүмкіндіктер ашылатынын білді, ал кафедра студенттері өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқу мен БАҚ-тағы жұмысты қалай қатар алып жүргендерін баяндады.

Ең қызықты сәттер:

«Журналистика – менің арманым, менің таңдауым!» деген оқушылар да болды. 

Медиамектепті ұйымдастырған – кафедраның аға оқытушысы Гүлшат Маркабаева. Педагогикалық практика аясында докторант Жанай-Керім Садвокасова қолдау көрсетті.

Күн қызыққа, қуанышқа және шабытқа толы өтті. Университетіміздің тыныс-тіршілігімен қайта танысасыздар деп сенеміз, болашақ түлектер!

Қабылдау комиссиясы