Baitursynuly University өкілдері Әулиекөл ауданының жоғары сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру кездесулерін өткізді.
Басты мақсат – оқушыларға университет мүмкіндіктерін таныстырып, мамандықты саналы таңдауға бағыт беру.
Университет командасы екі топқа бөлінді: бірі кездесуін Аулиекөл аудандық мәдениет үйінде өткізсе, екіншісі – Құсмұрын кентінің №1 орта мектебінде болды.
Іс-шаралар еркін әрі қызықты форматта өтті: викториналар, байқаулар, шағын концерт пен сыйлықтар
Мектеп оқушылары белсенділік танытып, ән салып, би билеп, ҚӨУ-дің брендтік сыйлықтарына ие болды.
Кездесуді ҚӨУ әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Нұрлыхан Темірбеков құттықтау сөзімен ашты:
– Араларыңызда ертеңгі ҚӨУ студенттері бар екеніне сенемін. ҚӨУ есігі білім алып, өсіп-өркендеуге, ел ертеңіне өз үлесін қосуға талпынған жастарға әрдайым ашық.
Кездесу барысында оқытушылар ҚӨУ ұсынатын оқу бағыттары мен түлектерге ашылатын жұмыс мүмкіндіктері туралы әңгімелесе, студенттер өз тәжірибелерімен бөлісті.
ҚӨУ белсендісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының студенттік бөлімшесінің төрайымы Әсемгүл Себепова оқушыларға университетте ғылым, спорт және шығармашылық салаларын қамтитын 10-нан астам студенттік клуб бар екенін айтып, әрқайсысының өзін дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Бұл кездесулер оқушылармен қатар мектеп мұғалімдері үшін де пайдалы өтті. Педагогтар ҚӨУ-дің магистратура бағдарламаларына қызығушылық танытып, өздеріне қажет ақпаратты тікелей университет өкілдерінен алды
Аулиекөл өңірінің түлектері бізге ерекше әсер сыйлады: ашық мінезді, талантты, білімге құштар жастар екен.
Бұл сапар ҚӨУ-дің облыс бойынша басталған үлкен кәсіби бағдар беруінің алғашқы аялдамасы ғана. 2025–Абитуриенттер, келесі кездесуде жолыққанша!
ҚӨУ-ге түсу туралы барлық ақпаратты осы парақшадан біле аласыздар ➡ @kru_kst_priyem







