ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ АШЫҚ!!!

ҚӨУ қабылдау комиссиясының есігі айқара ашық! Алғашқы талапкерлер болашаққа нық қадам басып, құжаттарын тапсырып үлгерді.

Мектеп түлектері қандай мамандықтарды таңдап жатыр? Сұраныс сан алуан: педагогика, журналистика, экономика, ветеринария…

ҚӨУ ұжымы талапкерлер мен ата-аналарға барынша қолайлы жағдай жасаған.

Электронды кезек, жайлы күту залы, ақпараттық жадынамалар және өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы (мұнда қажетті құжат көшірмелерін жасап, интернетті еркін қолдануға болады) қарастырылған.

Білікті де жауапты хатшыларымыз құжат рәсімдеу барысын түсіндіріп, бағыт-бағдар беруге әрдайым дайын.

Жоғары оқу орнына түсу сияқты маңызды қадамды жайлы әрі жылы атмосферада жасау үшін барлық жағдай жасалған.
⠀
Болашақ ҚӨУ студенттері, сіздерді КҮТЕМІЗ!

ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ

Қостанай қ., Тәуелсіздік көш., 118 (пединститут корпусы)
Дүйсенбі - жұма 9.00 - 18.00
Сб - 9.00 - 13.00
Электрондық пошта talapker@ksu.edu.kz
Instagram @kru_kst_priyem
Telegram-bot @Talapker_KRU_AB_bot
Call-центр 8 (7142) 54-28-49
WhatsApp
+7-776-505-0180
+7-775-143-41-42
+7-775-155-0400

Қабылдау комиссиясы