IT мамандар мен бағдарламашылардың ҮЗДІГІ осы факультетте білім алуда.
Бір рет оқып, ЕКІ диплом алуға мүмкіндік бар: ҚӨУ мен америкалық University of Minnesota Morris дипломы сенікі!
Мұнда нағыз қажетті мамандықтарды үйретеді: машина жасау, ақпараттық технологиялар, робототехника, ақпараттық жүйелер, электроэнергетика, математика мен физика, аграрлық техника және транспорт.
Бұл әңгіменің бәрі ҚӨУ-дің машина жасау, энергетика және ақпараттық технологиялар факультеті жайлы
@baitursynuly_parliament -тің белсенділері өңіріміздің оқушыларына арнап күшті экскурсия өткізді.
Болашақ талапкерлер бірегей лабораторияларды аралап, оқытушылармен танысты, тіпті студенттік асхананың дәмін татып үлгерді.
Солтүстік аймақтағы жалғыз әскери кафедра ҚӨУ-де шоғырланғанын айта кеткен жөн.
Король Седжон Институтының оқытушылары ұйымдастырған интерактив үшін ерекше алғыс айтамыз @king_sejong_institute_kostanay.
Бірі білсе, бірі білмес – корей тілін меңгергісі келетіндер үшін бұл институт таптырмас орын!
ҚӨУ-де 130-дан астам білім беру бағдарламасы бар. Арманыңдағы мамандықты осы жерден табатыныңа сенімдіміз.
ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ
Қостанай қ., Тәуелсіздік көш., 118, 130-кабинет
Электронды пошта: talapker@ksu.edu.kz
Instagram @kru_kst_priyem
Telegram-bot @Talapker_KRU_AB_bot
т. 8 (7142) 54-28-49
WhatsApp: +7-775-155-04-00, +7-777-391-91-77












