Бүгін ҚӨУ-де жоғары сынып оқушыларын қарсы алдық. Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы жас буынға арнап «Медиа және болашақ мамандықтар әлемі» атты мастер-класс ұйымдастырды.
Диев жалпы біліп беретін мектебі (Әулиекөл ауданы) мен А. Бірімжанов атындағы №115 мектеп оқушылары шараға үлкен қызығушылықпен қатысты.
Кафедраның аға оқытушысы Гүлшат Маркабаева мен төртінші курс студенттері тек сөзбен айтып қоймай, медиа әлемінің қалай «өмір сүретінін» іс жүзінде көрсетті.
– Басты мақсатымыз – оқушыларға болашақ мамандықтаңдауына бағыт-бағдар беру, журналист пен PR мамандарының жұмыс ерекшеліктерімен таныстыру, сондай-ақ коммуникация саласындағы шығармашылық мүмкіндіктерді көрсету, – дейді Гүлшат Төлеуқызы.
Оқушылар ҚӨУ медиа-студиясын тамашалап, мамандықтары бойынша жұмыс істеп жүрген студенттермен жүздесіп, көкейінде жүрген барлық сұрақтарына жауап алды.
Медиатекст жазу мен мүсінді сипаттау тапсырмалары олардың көңілінен шығып, аудитория, тіпті эмоциялар мен сан алуан пікірден қыза түсті!
Қонақтарымыз шарадан риза болып қайтты. Ал біз сіздерге ризамыз! ҚӨУ студенттері ретінде қайта жүздескенше!!!


















