АРМАН қуған жастардың таңдауы – біздің университет!

Осы аптада ҚӨУ – 2026 жылғы мектеп бітіруші түлектерді, яғни болашақ студенттерін зор қуанышпен қарсы алды.

Меңдіқара ауданындағы А. Шотаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушылары арнайы келді.

Университет оқытушылары мен студенттері мектеп шәкірттеріне оқу корпустарын аралатып, қызықты экскурсия ұйымдастырды.

Оқушылар заманауи зертханаларды, бай мұражайларды және интерактивті студияларды өз көздерімен көрді.

Болашақ талапкерлер студенттік өмірдің қызығы мен қиындығын сезініп, өздері армандаған мамандықтың қыр-сырына қанықты.

Baitursynuly University-де 140-тан астам білім беру бағдарламасы бар – өздеріңізге лайықты мамандықты таба алатындарыңыз сөзсіз.

Сіздерді алдағы оқу жылында студент ретінде көруге асықпыз!

Қабылдау комиссиясы