Бүгін Қостанайда өңір мектептерінің түлектеріне арналған ашық ақпараттық алаң – Студенттік Арбат ашылды.
«Жастар рухы»⠀жастар қанатының облыстық филиалы Жұмысшы мамандығы жылы аясында шара ұйымдастырды. Бұл оқушылар үшін ҚӨУ қабылдау комиссиясы мамандарынан кеңес алуға, біздің педагогтармен жақынырақ танысуға, болашақ мамандығын анықтауға таптырмас мүмкіндік болды. (ҚӨУ-де 130-дан артық білім бағдарламасы бар).
Baitursynuly University алаңында нағыз қызған шақ болды. Кеңестер алу, интерактив, ал соңында би батлы – би жарысы шараға қатысқандардың барлығын біріктіріп жіберді.
Абитуриенттердің дұрыс таңдауы – мықты және заманауи жоғары оқу орнының пайдасына шешіледі.
Барлығын ҚӨУ-де КҮТЕМІЗ!
ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ
- Қостанай қ, Тәуелсіздік көш, 118, каб. 140
- Электрондық пошта talapker@ksu.edu.kz
- Instagram @kru_kst_priyem
- 8 (7142) 54-28-49
- WhatsApp +7-775-155-04-00