object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-05-02 23:37:48.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

«БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ОҚУЛАРЫ – 2025» Ғылымның БОЛАШАҒЫ туралы

Бүгін ҚӨУ-де «БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ОҚУЛАРЫ – 2025» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтіп жатыр.

Іс-шара көрнекті ғалым, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды.

Сондай-ақ, таңертеңнен бері университетте «Қазақ даласының ұлы перзенті – Ахмет Байтұрсынұлы» атты кітап көрмесі жұмыс істеуде.

Baitursynuly University ректоры Сейтбек Қуанышбаев конференцияның жыл сайын ауқымды деңгейде өтіп, әрдайым өзекті тақырыптарды көтеретінін атап өтті.

Биылғы «Байтұрсынұлы оқуларының» басты тақырыбы – «Жасанды интеллект және ғылымның болашағы: пәнаралық тәсілдер мен технологиялар» болып белгіленді.

– Жасанды интеллекттің артықшылықтарын түсініп, оларды дұрыс қолдану маңызды. Бірақ ЖИ-дің әкелуі мүмкін зиянды жағын да ескеру қажет, – деді ҚӨУ-дің зерттеулер, инновация және цифрландыру жөніндегі проректоры Женис Жарлыгасов. – Біз осы тақырыптың барлық қырларын талқылаймыз.

Конференцияға тек еліміздің емес, шет елдердің де ғалымдары қатысып жатыр.

Пленарлық мәжілісте University of Minnesota (АҚШ) қауымдастырылған профессоры Питер Долан мен Витаутас университетінің (Литва) профессоры Влада Витунскиене сөз сөйледі.

Күн бойы ғылыми бағыттар бойынша секциялық жұмыстар жалғасады.

Қабылдау комиссиясы