Digital Agroleaders 2026: агробизнеске арналған ЦИФРЛЫҚ технологиялар

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттері Digital Agroleaders 2026 байқауының алғашқы кезеңіне қатысты.

«Eurasia Group Kazakhstan» компаниясының ұйымдастыруымен сервис орталығында «Мансап күні» іс-шарасы өтті.

Аталған шараға ҚӨУ-дің келесі білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты:

Бірінші кезең аясында студенттер байқауға тіркеліп, Eurasia Group Kazakhstan компаниясының қызметімен танысты.

Олар заманауи цифрлық технологиялардың агроөнеркәсіп саласын қалай өзгертетінін көріп, нақты жобалар, тағылымдамадан өту және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.

Digital Agroleaders 2026 — бұл студенттер үшін өз идеяларын ұсынуға, шеберлік сабақтарынан өтуге, онлайн-олимпиадаға қатысуға және финалда өздерінің авторлық шешімдерін таныстыруға мүмкіндік беретін бірегей жоба.

Байқау жеңімпаздары құнды сыйлықтар, тағылымдамалар және халықаралық компанияда кәсіби мансапты бастау мүмкіндігіне ие болмақ

Алғашқы қадам жасалды — алда әлі жаңа мүмкіндіктер, кәсіби даму мен құнды практикалық тәжірибелер күтіп тұр!

Қабылдау комиссиясы