Астанада ірі халықаралық технологиялық шара – Digital Bridge-2025 форумы өтіп жатыр.
Бұл – әлемдік деңгейдегі көшбасшылар, инвесторлар мен жаңашыл компаниялар жыл сайын бас қосатын форум. Мұнда цифрлық трансформация мен жасанды интеллекттің болашағы талқыланады.
Форумның басты мақсаты – Қазақстанды Еуропа мен Азияны жалғайтын цифрлық көпір ретінде көрсету.
Шараға 100 елден 67 мың адам қатысып, 100-ден астам спикер сөз сөйлеп, 500-ден астам стартап ұсынылды.
Форумға Baitursynuly University атынан академиялық мәселелер жөніндегі проректор Эльмира Наурызбаева қатысты.
«Университетімізге әлемдік аренада өзін көрсету мүмкіндігі туды. Болашақ білім мен ғылым қалыптасып жатқан ортада болу біз үшін үлкен құрмет», – дейді Эльмира Кенжегалиевна
Baitursynuly University форумға қатысу арқылы Қазақстандағы цифрлық өзгерістерге өз үлесін қосты.
ҚӨУ – заманауи, ғылым мен білімнің шекарасын кеңейтуге, елдің болашағына үлес қосуға дайын университет екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.