object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-06-06 18:58:16.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

English Language Teaching: заманауи көзқарас

Baitursynuly University «Оқытудың күші: ELT (English Language Teaching) заманауи көзқарас» атты халықаралық конференция өтіп жатыр.

Ұйымдастырушылар – АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігімен бірлесе жұмыс істеген ағылшын тілі мұғалімдерінің Қостанай облыстық қауымдастығы және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ.

Конференцияны ҚӨУ зерттеу, инновация және цифрландыру мәселелері жөніндегі проректор Жәңіс Жарлығасов ашты. ⠀

Ол білім беру процесінде қазіргі цифрландыру мәселелерін шешуде ықпалдастық маңызының зор екенін атады.

ҚӨУ түлегі Әлібек Құрманғалиевтің сөзі конференцияға қатысушылардың ерекше назарын аударды.

Ол Кувейттегі америкалық мектепте мұғалім болып қызмет істейді. Өзінің баяндамасында халықаралық ортада ағылшын тілінен сабақ беру тәжірибесімен бөлісті.

Конференция бағдарламасында тәжірибеге бағытталған бірқатар шаралар қамтылды, оның ішінде АҚШ-тық сарапшылар Роберт Лейер (PhD) мен Нэнси Линдбергтің мастер-класстары бар.

Конференция кәсіби қарым-қатынас, жаңа бастамалардың тұсаукесерін жасаудың және әріптестік байланыс орнатудың тиімді алаңына айналды.

Қабылдау комиссиясы