Baitursynuly University студенттері Qostanai AI-Sana Industry Hackathon: Allur Challenge хакатонында жүлде қоры 500 000 тг болатын 1-ші орынды жеңіп алды!
Бұл хакатон – бизнеске қажет мәселелерді ЖИ көмегімен шешетін алаң.
Командалар қысқа уақыт ішінде тың идеялар тауып, компаниялар мен қоғамға пайдасын тигізетін технология әзірлейді. Сонда, хакатонда туған ЖИ идеялары ертеңгі күні тұрмысқа еніп, өмірімізді жеңілдететін құралға айналмақ.
Сайысқа Қостанай, Астана, Петропавл және Қарағандыдан келген 17 команда қатысты.
ҚӨУ намысын аграрлық техника және көлік пен биология, экология және химия кафедраларынан құралған команда – «Хабовские» қорғады. Екінші курс студенттері Михаил Жигалко мен Никита Гресько Allur компаниясының кейсі бойынша LKP AI / NOVA жобасын қорғап, бас жүлдені жеңіп алды.
Студенттерімізді жеңісімен құттықтаймыз!



