Антон Чередник – ҚӨУ ауыл шаруашылығы ғылымдары факультеті, «6B09101 Ветеринарлық медицина» білім беру бағдарламасының студенті
Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында Қостанай өңірінің намысын қорғады.
Зерттеу тақырыбы – «Иттердегі сыртқы отитті анықтау және оны емдеудің тиімділігін өзара салыстыра бағалау»
Ғылыми жетекшісі – ветеринариялық медицина кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Айгүл Жабықпаева
Байқау қорытындысы бойынша ҚӨУ студентінің еңбегі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ІІ дәрежелі дипломымен марапаттауға ұсынылды.
Айта кетейік, 2027 жылдан бастап университетіміз студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауын өткізетін базалық жоғары оқу орнына айналады.
Антонды және оның ғылыми жетекшісі Айгүл Ғабызхановнаны құттықтаймыз! Сенімді ақтап, абыройды асқақтатқан жерлестерімізді мақтан тұтамыз!
