«Қазақстан – менің Отаным» атты ХІ Республикалық студенттер конференциясына Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының студенттері қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Конференция академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде өтті. Шара академик Бөкетовтің туғанына 100 жыл толуына және ҚР-ның Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылды.
«Тарих», «Тарих және қоғамтану» білім беру бағдарламаларының студенттері жақсы нәтиже көрсетті.
Санжар Үсенов бірінші орынды жеңіп алды.
Аслан Амангелді мен Шоң Бөкенбай екінші орынға лайықты деп танылды.
Айжан Аманжолова мен Нұркен Садылла үшінші орынды иеленді.
Студенттерді жеңістерімен құттықтаймыз! Тек алға!

