object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-05-03 09:24:07.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Картоп өсіру саласындағы ынтымақтастық

Baitursynuly University делегациясы Қытайдан оралды. Біздің ғалымдар “Ауылдық өңірлердің тұрақты дамуы – картоп өнімділігін арттыру” атты форумға қатысты.

Ұйымдастырушы – Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университеті (NWAFU, ҚХР).

ҚӨУ бұл жоғары оқу орнымен табысты ынтымақтастық орнатқан. Негізгі бағыттардың бірі – Қостанай облысында картоп өсіру селекциясын дамыту саласындағы бірлескен жұмыс.

Екі университеттің ғалымдары элиталық картоп сорттарына қатысты бірлескен эксперименттік зерттеулер жүргізді.

Аталған сорттар жоғары өнімділігімен және вирустардың болмауымен ерекшеленеді.

Форумның мақсаты – ауыл шаруашылығы өнімін экологиялық таза және тиімді өндіру тәжірибесімен алмасу

Конференцияда картоп өнімін өндіруші кәсіпкерлер де бой көрсетті. Біздің өңірден “Каркын” ЖШС директоры Еркин Буканов қатысты.

ҚӨУ делегациясының құрамында ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің деканы - Алмабек Нугманов, агрономия кафедрасының профессоры - Асия Ансабаева, PhD докторы - Асель Токушева, сондай-ақ NWAFU профессоры Weixing Shan шәкірттері – Меруерт Меделбек пен Елена Москвичева болды.

Сонымен қатар, біздің педагогтар Қытайда академиялық ұтқырлық аясында NWAFU-де білім алып жатқан ҚӨУ студенттерімен кездесті.

Қабылдау комиссиясы