object(DateTime)#1052 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-10-18 22:29:34.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

AGROTECH HACKATHON 2025-тің ТОП идеялары

Бүгін Baitursynuly University Smart-орталығында QOSTANAI AI-Sana AGROTECH HACKATHON 2025 финалдық Demo Day өтті.

Ұйымдастырушылар – ҚӨУ мен Qostanai Hub.

Бұл – студенттерге арналған республикалық хакатон. Мұнда идеялар мен технологиялар арқылы агросектордағы нақты мәселелер шешіледі. Іс-шара Костанай облысының стартаптар көрмесімен басталып, жобалар қорғалды. Финалистер үшін қызықты викторина ұйымдастырылып, еңбектеріне лайықты сыйлықтар берілді.

Хакатон – бұл креативтілік пен командалық жұмысты біріктіретін, агросектордағы нақты мәселелерді шешуге арналған ерекше алаң. Қатысушылар тек идея ұсынып қана қоймай, оны саланы жаңарта алатын прототипке айналдырды.

Шара Қостанай облысының стартаптар көрмесімен басталды. Smart-орталықтың бірінші қабатында қонақтар болашағы зор жобалармен танысып, жаңа идеялар мен заманауи технологияларға жоғары баға берді. Финалистер өз жобаларын питч-сессияларда және командалық презентацияларда таныстырып, шара кейін қызықты викторинаға ұласып, барлық қатысушылар ұйымдастырушылардың сыйлықтарымен марапатталды.

Университет ректоры Сейтбек Қуанышбаев студенттерге жаңа идеялар мен олардың іске асуын тіледі. Финалистер хакатонның құрметті қонақтары – Қарағанды техникалық университетінің директорлар кеңесінің төрағасы Арын Орсариев, Қостанай өңірлік университетінің директорлар кеңесінің төрағасы Данат Жумин, «Олжа Агро» ЖШС бас директоры Алишер Ходжаназаров және «Агромашхолдинг KZ» АҚ ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы Максим Рюминнен кеңестер мен практикалық мәлімет алды.

Хакатон дегеніміз не?

Бұл – командалық жұмыс, шығармашылық ой мен технологияларды қолданып нақты мәселелерді шешетін қарқынды жарыс.

«Хакатонның басты мақсаты – студенттердің әлеуетін ашу, агросекторды цифрландыруды жеделдету және өзекті шешімдер табу. Бұл идеялар жақында өңір өндірісінде қолданылатын болады», – деп атап өтті ҚӨУ-дің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Эльмира Наурызбаева.

Финалда Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 16 команда жобаларын таныстырды. Үздік командалардың қатарында студенттерімізді көргенімізге қуаныштымыз!

«Сіздерге қызыға да, қуана қараймын. Өмірлеріңіз алда, бәрі енді басталып жатыр. Бір-біріңізден үйреніп, жаңа мақсаттар қойыңыздар!» – деп үндеді Данат Жумин.

Жеңімпаздар төрт критерий бойынша анықталды: кейске сәйкестігі, техникалық шешімдері мен инновациялық деңгейі, енгізу әлеуеті және презентация сапасы.

500 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар үш кейс бойынша берілді:

Барлық финалистер агросектордағы инновациялық әлеуетті дамытуға қосқан үлестері үшін қатысу сертификаттарымен марапатталды.

Qostanai Hub пен ҚӨУ-ге осындай тамаша хакатон ұйымдастырғандары және жастардың бастамаларын қолдағандары үшін алғысымызды білдіреміз!

@digital_kostanay қолдауларыңызға рақмет!

Қабылдау комиссиясы