object(DateTime)#1056 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-10-23 18:48:30.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

«Mangystau Bird Camp»: Бұл ҚҰСТАРДЫ көрмегелі қай заман

ҚӨУ студенті халықаралық орнитологиялық лагерь жұмысына қатысты.

Биология білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Даниил Христинецкий қазан айында «Hyrasia One» мегажобасы аясында өткен күзгі «Mangystau Bird Camp» далалық лагерінде жұмыс істеді.

Айта кетейік, бұл Даниилдің алғашқы экспедициясы емес. Ол өткен жылы да осы жобаға екі рет – көктем мен күз маусымында қатысқан. Ресей, Әзербайжан, Дания, Нидерланд және Германия елдерінің бердвотчерлері (құсбақылаушылары) мен орнитологтарымен бірге Каспий теңізі жағалауы мен Үстірт үстіртінде қоныс аударатын 128 түрлі құс түрін бақылаған.

Жобаны неміс ғалымы Tillman Peter Dieterich басқарады. Ал «Bird Camp» іс-шарасын Германияның Табиғатты қорғау одағы, Биологиялық әртүрлілікті зерттеу және сақтау орталығы мен Орталық Азияның аймақтық экологиялық сарапшылар желісі қолдаған.

Лагерь Кендірлі шығанағының жағалауында орналасқан. Мұнда ғалымдар еліміздің аумағында ұзақ уақыт бойы кездеспеген сирек құстарды – маскалы сауысқан, орташа поморник және шөл жорғаторғайын анықтаған.

Бақылаушылар мен орнитологтар құстарды зерттеудің түрлі әдістерін қолданған: көзбен шолу, дыбыс арқылы анықтау, іздері мен қауырсындарын зерттеу, ұяларын табу, сондай-ақ фототұзақтар мен дыбыс жазғыш құрылғыларды орнату. Зерттеу тобы таңертең және кешкі уақытта әртүрлі аумақтарда мониторинг жүргізген.

ҚӨУ-дің жаратылыстану пәндері кафедрасының бердвотчерлер клубының жетекшісі Татьяна Брагина мен оның орынбасары Мария Рулёва атап өткендей, мұндай халықаралық орнитологиялық жобалар студенттердің зерттеу дағдыларын дамытып, шетелдік ғалымдармен бірлескен мақалаларға ғылыми материал жинауға мүмкіндік береді. Даниил бұл сапарда мол тәжірибе жинап, енді алған білімін өз клубындағы студенттермен бөліспек.

Қабылдау комиссиясы