object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-08-09 15:36:09.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

МЕМОРАНДУМ: Ғылым академиясы және ҚӨУ

Осы аптада Қостанайда Қазақстан Республикасы Ұлттық академиясы президиуымының «КҮШТІ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» атты көшпелі мәжілісі өтіп жатыр

Мәжіліске Қазақстанның барлық өңірінен ғалымдардың, оқу орындары мен республика және Қостанай облысы кәсіпорындары өкілдерінің қатысуымен екі күн бойы өңірлік ғылым дамуының маңызды мәселелері талқыланды.

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов мұндай басқосулардың аса мағыздылығы мен тиімділігін атап өтті.

Әлеуметтік-экономикалық дамудағы ғылымның ролі және оның тиімділігін өндіріс пен өңір проблемаларын шешуге бағыттау туралы нақты мысалдармен айтылды.

Кен өндіру және қайта өңдеудегі, озық технологияларды енгізу мен ауыл шаруашылығы саласын өңдеудегі, өңірдің экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі ғылымның үлесі зерделенді.

Мәжіліске ҚӨУ өкілдері де қатысты.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ Смарт-орталығының жетекшісі Гүлмира Дамбауылова «Baitursynuly University-гі ғылымды дамыту: ынталандыру, шақыру және әлеует» атты тақырыпта баяндама жасады. ⠀

Мәжіліс қорытындысында Қазақстан Президенті жанындағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым акамиясы» ЖеАҚ мен «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» ЖеАҚ арасында ынтымақтаса жұмыс істеу туралы меморандумға қол қойылды.

Маңызды құжатқа ҚР Ұлттық академиясының вице-президенті Абай Серікханов және Baitursynuly University ректоры Сейтбек Қуанышбаев қол қойды

Меморандум біздің ғалымдардың жемісті еңбек етуін мақсат тұтады. Алдағы уақытта бірлескен зерттеу жұмыстары, жаңалық ашу және тиімді жобалар күтеді.

ҚӨУ ұжымын ЖОО ғылыми қызметінің күшейе түсуімен құттықтаймыз!

Қабылдау комиссиясы