Осы аптада еңбегі өңір тарихын сақтауға құнды үлес болып қосылатын ҚӨУ профессоры монографиясының тұсаукесері өтті.
Шара Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейінде ынтымақты, достық жағдайда өтті. Baitursynuly University Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдасқан профессоры, тарих ғылымдарының докторы, доцент Айдар Айтмұхамбетов Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің тарихына арналған екі монографиясын таныстырды.
Дөңгелек үстелге осы колледждің директоры Қайсар Қанешев, сондай-ақ, өңірдегі білім беру мекемелерінің өкілдері: А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы Әлібек Табулденов, осы аттас кафедра профессоры Қалқаман Жақып, Ш.Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай академиясы Педагогика және психология кафедрасының доценті Сергей Симонов және Қостанай ауылшаруашылығы колледжінің тарих пәні оқыткшысы Рахат Нұрғазы қатысты.
Шара қонақтары професмор Айтмұхамбетовті жаңа еңбегімен құттықтап, алдағы ғылыми жұмыстарына табыс тіледі.Сіздің жетістіктеріңізбен мақтанамыз!