Қараша айының соңында Түркияда (Токат қаласында) Tokat Gaziosmanpaşa University-де Түркі әлемі жастарының халықаралық ауылшаруашылық симпозиумы өтті.
Іс-шараға ҚӨУ профессоры да қатысты.
Симпозиумға түркітілдес республикалардан – Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Солтүстік Кипрден ғалымдар мен студенттер қатысты.
Форумның пленарлық отырысына еліміздің атынан ҚӨУ ауылшаруашылығы ғылымдары факультетінің агрономия кафедрасының профессоры Ниязбек Кәлімов қатысты.
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты «Қазақстанның ауыл шаруашылығы: өткені, бүгіні және болашағы» тақырыбында баяндама жасады.
Симпозиумның мәдени бағдарламасына Түркияның әртүрлі қалаларынан студенттер мен түркітілдес республикалардың өкілдері шақырылып, форумды ұлттық нақыштағы халық аспаптары, әндер, билер және ұлттық тағамдармен әрлендірді.
Симпозиумға қатысушыларға жақында 950-жылдық мерейтойын атап өткен Тоқат қаласының көне. тарихи бөлігіне экскурсия ұйымдастырылды.
Форум Түркі мемлекеттері ұйымының түркітілдес мемлекеттер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету, аймақта және бүкіл әлемде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі басты мақсатын жүзеге асыру үшін ұйымдастырылды.







