object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-05-30 06:18:56.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Науырзымдағы ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

24–27 мамыр аралығында биология ғылымдарының докторы, ҚӨУ жаратылыстану пәндері кафедрасының профессоры Татьяна Брагина ғылыми зерттеу жұмыстары аясында Наурызым мемлекеттік табиғи қорығына барды.

Қорықта біздің кафедраның үш түлегі табысты еңбек етуде: Ришат Батряков, Асем Койлыбаева және Айнур Тастайбаева.

Профессордың ғылыми жетекшілігімен Ришат пен Айнур ғылыми зерттеу жұмысымен айналысып жатыр. Ол Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ мен қорық арасындағы екіжақты ынтымақтастық келісім негізінде жүзеге асырылады.

Асем экологиялық ағарту бөлімінде жұмыс істейді.

Қорық әкімшілігі және түлектермен өткен кездесуде өзара ынтымақтастық пен аудандағы кәсіптік бағдар беру мәселелері талқыланды. Бұл бағытта мектеп түлектерімен жұмыс істеуге біздің түлектер мен қорық қызметкерлері өз үлестерін қоса алады.

Ғылыми зерттеулер бойынша кеңес беру жұмыстары дала жағдайында өтті.

Қабылдау комиссиясы