ҚӨУ студенттері «Әлемді тіл арқылы тану: ел, тарих, мәдениет» атты XI Халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияда жүлделі орындарға ие болды.
Аталған жиынды ҚӨУ филология және практикалық лингвистика кафедрасы ұйымдастырды.
Конференция жұмысы бірнеше негізгі бағыт бойынша жүргізілді:
Тіл аспектісіндегі этникалық мәдениет – этномәдени құндылықтарды, ұлттық бірегейлік пен дүниетанымды тіл арқылы зерттеу.
Қоғамның әлеуметтік-саяси мәселелері: өткен мен бүгіннің үндестігі – тарихи тәжірибе сабақтастығы мен қазіргі қоғамдық процестерді талдау.
Мәтін: прагматикалық, мәдениеттанушылық, аудармашылық және когнитивтік аспектілер – мәтінді жан-жақты ғылыми зерттеу, оны түсіндіру мен аудару мәселелері.
Қазіргі заман жағдайындағы білім, ғылым және мәдениеттің өзгеруі – жаһандану дәуіріндегі білім, ғылым және мәдениет салаларының даму бағыттары мен өзгерістері.
ҚӨУ студенттері жоғары деңгейлі дайындық көрсетіп, конференция жеңімпаздары атанды.
І орын
Айгүл Қадырова, «Қазақ филологиясы» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті.