«Тұран» университетінде студенттердің республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының II кезеңі қорытындыланды.
«Журналистика» бағыты бойынша өткен бұл додада ҚӨУ «Журналистика» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Мария Полищук үздіктер қатарынан көрініп, III орынға ие болды.
Мария байқауға «Қазіргі телевизиялық журналистика жанрларының эволюциясы» атты өзекті тақырыптағы зерттеуін ұсынған еді.
Зерттеу барысында автор телевизиялық журналистиканың дамуындағы заманауи үрдістерді жан-жақты талдап, цифрлық технологиялардың, әлеуметтік желілердің қарқынды дамуы мен аудиторияның медиатұтыну ерекшеліктерінің өзгеруі жағдайындағы жанрлар мен форматтардың трансформациясын қарастырған.
Жас зерттеушінің ғылыми жетекшісі – филология ғылымдарының кандидаты, ҚӨУ қауымдастырылған профессоры Алматай Жүсіпова.
Республикалық деңгейдегі бұл жоғары жетістік – тақырыптың дер кезінде қозғалуының, бүгінгі медиа үдерістерді терең талдаудың және қажырлы еңбектің жемісі.
Мария мен Алматай Мергенбайқызын құттықтаймыз! Сіздерді мақтан тұтамыз!
