object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-06-24 02:36:37.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Ғылыми ЖҮЗУ

Облыстық және республикалық БАҚ журналистері ҚӨУ-дің арнайы пресс-турына қатысты.

Осы аптада 28 маусым күні Қазақстанда БАҚ қызметкерлері өзінің кәсіби мерекесін атап өтеді.

Baitursynuly University журналистерді құттықтауды университетше, ТАНЫМДЫҚ етіп өткізуді ойластырды.

ҚӨУ қолданбалы биотехнология ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері арнайы журналистерге Тобыл өзенінің түбін зерттейтін ерекше⠀дронды ұшыруды көрсетті.

Біздің ғалымдар ҚР Ғылым мен жоғары білім министрлігінің «Солтүстік Қазақстан су ресурстарына жедел мониторинг және гидротехникалық инженерлік құрылыстарына экологиялық бақылау жүйесін жасау» жобасын жүзеге асырады.

Мамандар APACHE 3 пилотсыз су аппараты/ дроны ерекше жабдығының көмегімен өңірдегі су айдындарының түбін зерттейді. Ашық сары кеме су айдындарының тереңдігін зерделейтін бір жиілікті эхолотпен және су параметрлері жабдығымен жабдықталған.

Apache 3 Жоғары Тобыл және Қаратомар су қоймалары түбінің бедерін және су көлемін анықтау экспедициясында пайдаланылған болатын. Журналистер пресс-тур барысында жобаның аралық қорытындылары, мақсаты мен егжей-тегжейі туралы білді.

ҚӨУ ауылшаруашылығы ғылымы факультетінің деканы, жоба жетекшісі Алмабек Нұғманов, зерттеудің өңір үшін зор пайда әкелетінін айтты.

Су тасқынынан кейін облыстағы су айдындарының тереңдігі өзгерді. Су тасқыны кезінде қолда маңызды мәліметтер мен көрсеткіштердің болғаны өте дұрыс. Зерттеу жұмыстары осыған көмегі тиеді.

Біздің бастамамызды қолдағаны үшін ТЖД ⠀басшылығы мен мамандарына алғыс айтамыз.

Баспасөз жұмысына қолайлы жағдай туғызып, су үстінде де түсірілім жасау үшін құтқарушылар катер ұсынды

Кездесу соңында БАҚ өкілдеріне ҚӨУ ректоры Сейтбек Қуанышбаев қол қойған алғыс хаттар табысталды.

ҚӨУ-дің зерттеу, инновация және цифрландыру мәселелері бойынша проректоры Жеңіс Жарлығасов БАҚ өкілдеріне ынталы жұмыстары мен біздің университетімізге деген ықыласы үшін ризашылығын білдіріп, Baitursynuly University-нің имидждік сыйлықтарын және әріптестеріміздің тарту-таралғыларын табыстады.

Журналистерді біздің ғалымдарымыздың жұмысына назар аударғаны үшін алғыс айтамыз! Мереке қарсаңындағы жемісті апта!

Қабылдау комиссиясы