Тағы бір ғылыми жүлдені ҚӨУ студенті алды.
Baitursynuly University «Өңдеу және тамақ өндірісі технологиясы» оқу бағдарламасының 2 курс студенті Никита Ленский СҒЗЖ (студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары) республикалық конкурсының жүлдегері атанды.
Оның «Антиоксиданттық белсенділігі жоғары бисквит бәлішінің рецептурасын жасау» деп аталатын ғылыми жұмысы ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінің П дәрежелі дипломын алды.
Ғылыми жетекшілері: Азық-түлік қауіпсіздігі және биотехнология кафедрасының аға оқытушылары Анзор Саидов және Дмитрий Калитка.
Біздің оқытушылар мен студенттердің ғылыми жеңістерімен мақтанамыз! Жаңа биіктерге қарай, алға!