object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-05-07 01:10:28.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

«Spring Mangystau Bird Camp» Біздің Даниил және басқа да БЕРДВОТЧЕРЛЕР

Baitursynuly University студенті «Hyrasia one» мегажобасы аясында өткен көктемгі орнитологиялық лагерь – «Spring Mangystau Bird Camp»-ке қатысты.

Бұл бірегей мүмкіндік Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институттың «Биология» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушысы Даниил ХРИСТИНЕЦКИЙГЕ бұйырды.

Ол Болгария, Грузия, Германия, Ресей елдерінің бердвотчерлері және орнитологтарымен бірге Каспий маңы мен Үстірт аумағы арқылы қоныс аударатын 150-ден астам құс түрін зерттеді.

Бердвотчерлер мен орнитологтар бақылаудың түрлі әдістерін пайдаланды: көзбен шолу, дыбыс арқылы анықтау, іздер, қауырсындар мен ұялардың болуын анықтау, фототұзақтар мен диктофондарды орнату.

ҚӨУ студенті баға жетпес тәжірибе жинақтап, қазіргі уақытта өзі жетекшілік ететін жаратылыстану ғылымдары кафедрасының бердвотчерлер студенттік клубының мүшелерімен осы біліммен бөлісіп жүр.

Жобаны қолдағандар: Германия табиғатты қорғау одағы @nabu_international, ЭкоМұражай @ecomuseum.kz, Биоалуантүрлілікті зерттеу және сақтау орталығы @brcc.kz, Орталық Азияның өңірлік экологиялық сарапшылар желісі @green_ca_network.

Қабылдау комиссиясы