ҚӨУ студенті Drone Cup додасын бағындырды

Baitursynuly University қызметкері, әрі магистранты Владимир Фоминов 19 тамызда Астана қаласында өткен бағдарламаланатын дрондар мен дронрейсинг бойынша республикалық R&D Kazakhstan Engineering Drone Cup байқауында 1-орынды иеленді.

Байқауға ұшқышсыз технологияларға, бағдарламалауға және инженерлік әзірлемелерге қызығушылық танытқан өнертапқыштар жиналды. Сайыс үш бағыт бойынша өтті: бағдарламаланатын дрондар, симулятордағы дронрейсинг және FPV-минивуптар.

Владимир Фоминов үшін байқауға қатысу ұшқышсыз технологиялар саласындағы практикалық дағдыларын қолдануға және жетілдіруге мүмкіндік берді

. Бұл бағыт біздің университетте де белсенді дамып келеді. BR24992785 ғылыми-техникалық жобасы аясында мамандар ауыл шаруашылығы алқаптарын, табиғи ресурстар мен инфрақұрылым нысандарын БПЛА арқылы мониторингтеу, сондай-ақ кеңістіктік және экологиялық деректерді жинау мен өңдеу бағытында жұмыс жүргізуде.

Жарыс барысында жинақталған тәжірибе ұшқышсыз жүйелерді жобалау, бағдарламалау және басқару дағдыларын жетілдіруге, сондай-ақ университеттің ғылыми-техникалық жобалары үшін жаңа инженерлік шешімдер әзірлеуге мүмкіндік береді.

Владимир Фоминовты лайықты жеңісімен құттықтаймыз!

Алдағы уақытта да кәсіби жетістіктерің көп болсын!

Қабылдау комиссиясы