«Сұлтанғазин оқулары»: ЖАҢА ОЙЛАР қалыптасты

Бүгін Baitursynuly University-де «Сұлтанғазин оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Академик Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтында Қазақстан мен шетелдерден келген ғалымдар, оқытушылар және жас зерттеушілер бас қосты.

Конференцияның тақырыбы – «Заманауи білім берудегі дәстүрлер мен инновациялар».

ҚӨУ-дің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Эльмира Наурызбаева қатысушыларды қарсы ала отырып:

– Дәл осы Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтта бірнеше жыл бойы жаңа мағыналар, идеялар және ғылыми шешімдер қалыптасып келеді.
Бүгінгі конференцияның мақсаты – ғылыми қауымды біріктіріп, қазіргі білім беру дамуының тенденцияларын, жасанды интеллектті енгізу мүмкіндіктерін, цифрлық технологияларды дамыту мен физика-математика және кәсіби дайындық саласындағы жаңа тәсілдерді бірге талқылау, – деп атап өтті.

Пленарлық отырыста Қазақстан мен шетел университеттерінен келген спикерлер баяндама жасады:

Спикерлер баяндамаларында маңызды тақырыптарға тоқталып, қызық әрі еркін түрде жеткізді.

Мысалы, Наталья Ким қатысушыларға шағын ойын ұйымдастырды. Ол алдымен өз ойларын қалай басқаратынын бағалауды сұрап, «М» әрпінен басталатын бес сөз ойлап табуды ұсынды.

Бұл қарапайым тәсіл метакогнитивті дағдылардың – өз ойлау процестерін түсіну қабілетінің қалай жұмыс істейтінін көрсетуге көмектесті. Профессор дәл осы тақырыпты зерттейді.

Пленарлық бөлімнен кейін қатысушылар тақырыптық секцияларда жұмысын жалғастырды.

Аудиторияда қатысушылар сұрақтар қойып, идеялар, тың ойлар мен тәжірибелік мысалдарды талқылап, пікірталастар қыза түсті.

Конференцияның негізгі бағыттары:

Конференцияға екі жүзден астам халық жиналып, шара қызықты әрі мазмұнды өтті.

Жиналған қауым болашақтың ілімі дәл осы сәтте қалыптасып жатқанына көз жеткізіп, жаңа идеялармен тарқасты.

Қабылдау комиссиясы