object(DateTime)#1051 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-10-10 14:12:26.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Антикоррупциялық BRAIN-RING

Baitursynuly University Экономика және құқық факультетінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері» тақырыбында қызық brain-ring өтті.

Ойын қызу өтті. Әзіл де, талас-тартыс та болды.

Басты мақсат – «Жемқорлық жаман» деп айту емес, «онымен не істеу керек, әр адам қалай қарсы тұра алады?» деген сұрақтарға жауап табу.

Ойынға 1–3 курс студенттері қатысып, 4-курс жастары төреші мен сарапшы рөлінде әділ бағасын берді.

Іс-шараны факультет деканы Айдар Байкин ашып, қатысушыларға мотивация берді:

«Тамаша бастама! Осындай белсенді форматтар студенттер үшін қызық. Біздің жастар өңірдің ең үздік студенттері. Баршаңызға шығармашылық табыс тілеймін!»

Командалар сахнаға жарқын ұрандармен шықты:

Ойын үш кезеңнен тұрды:

Командалар финалға дайындалып жатқанда, 4-курс сарапшылары «Тарихи экскурс» атты креативті презентация көрсетіп, мемдер мен фактілер арқылы аудиторияны бір сілкіндірді.

Барлық кезеңдер аяқталған соң қазылар алқасы шешім шығарды:

Жеңімпаздар мен қатысушыларға грамоталар және фирмалық блокноттар, қаламдар мен имидждік папкалардан құралған стильді сыйлықтар табысталды.

Шара соңын мемлекет және құқық теориясы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Сылу Шунаева әсерлі оймен түйіндеді:

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес – бір реттік акция емес. Бұл – баршамыздың ортақ ісіміз. Мұнда ең бастысы – білім, ұстаным және адалдық» .

#Заң_және_тәптіп

Қабылдау комиссиясы