object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-20 12:55:00.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

«Елбасы салған дара жол»

1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Қазақ халқы үшін еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны бөлек. Бұл мерекенің 1 желтоқсан болып таңдалу себебі де ерекше, өткен күндерді еске алатын болсақ, 1991 жылдың 1 желтоқсан күні бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде қазақ елінің тұнғыш Президенті сайланып, ұлт тарихында жаңа өзгерістер бастау алды.

Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен елімізде түрлі іс-шаралар, саяси, экономикалық, әлеуметтік реформалар жүзеге асты. Елбасымыздың кемеңгерлік саясаты арқасында қазақ елі өзге елдерде таныла бастады. Ел іргесі, шекарасы нақтыланды, заңмен бекітіліп, жеке Қарулы күштері құрылды. Елбасымыз қазақ халқы үшін аянбай қызмет етті. Сол себепті болар, Елбасымыз халық арасында зор құрметке ие.

Осы мерекеге орай Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Jas Otan» жастар қанатының университеттік клубтары «Елбасы салған дара жол» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шараға оқу ордасының белсенді жастары, «Ахмет ұрпақтары», «Парасат» дебат клубтарының мүшелері студенттік кіші Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшелері мен университетіміздің беделді профессорлары, Қалқаман Жақып, Айбек Шалгимбеков қатысты. Олар тәуелсіздік алғаннан бергі Елбасының халқының болашағы үшін жасаған игі істері жайлы айтты. Нұрсұлтан Әбішұлының салиқалы саясатының арқасында қол жеткізген жетістіктеріміз, ертеңгі күнге деген сеніміміз, өткен тарих әңгіме өзегіне айналды. Қостанай өңірлік университетінің студенттері Тұңғыш Президентке жыр жолдарын арнады, жүрек жарды жылы лебіздерін, алғыстарын білдірді. Сонымен қатар дөңгелек үстелде қызықты деректер, тың ақпараттар айтылды, жалпы іс-шара қызықты өтті.

Қабылдау комиссиясы