Футболда да МЫҚТЫМЫЗ

Baitursynuly University оқытушылары мен қызметкерлері арасындағы біріншілік қыза түсті.

Жарыс эстафетасын футзал қабылдады.

Бұл залда ойналатын шағын футбол. Алаңы ықшам, әр командада бес ойыншыдан өнер көрсетеді. Доп үнемі ойында болып, ойын бір сәтке де толастамайды.

Бұл жерде күштен бұрын жылдамдық пен шапшаңдық сыналады. Ойынның ырғағы қатты: бір пас – бір соққы – бір гол.

Тартысқа толы кездесу көрермендерді бейжай қалдырмады.

Жарысқа 5 команда қатысты.

Ойын НӘТИЖЕЛЕРІ:

Еске сала кетейік: бейсенбі, сағат 14:00-де, «Сұңқар» спорт кешенінде БАДМИНТОН ойындары өтпек.

 Жанкүйер болуға асығыңыздар!

Қабылдау комиссиясы