object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-09-05 17:59:15.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Ахмет Байтұрсынұлына арнап!

Дәстүрге сай Baitursynuly University-де бүгінгі күн Ахмет Байтұрсынұлы ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімінен басталды.

1996 жылдан бері біздің университет ұлы ғалым, қоғам және мемлекет қайраткерінің есімін иеленіп келеді.

5 қыркүйек – Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Бұл күн елімізде Қазақстан халқы тілдері күні ретінде белгіленіп, ол туған тілге құрмет пен сүйіспеншілікті дәріптеу, сондай-ақ түрлі ұлттардың тілі мен дәстүрі жайлы танымды кеңейту мақсатын көздейді.

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының қалыптасуына жол ашқан ұлы тұлғалардың бірі, көрнекті ғалым, әдебиетші, педагог және лингвист.\

Ол қазақ тіл білімінің іргетасын қалап, грамматикаға арналған ғылыми терминдерді қалыптастырды, сонымен бірге қазақ жазуын араб графикасы негізінде жетілдірді.

Baitursynuly University оқытушылары мен студенттері Ұлт ұстазының рухына құрмет көрсетіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Сонымен қатар, бүгін Қостанай өңірлік университетінде арнайы кураторлық сағаттар мен түрлі танымдық іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Қабылдау комиссиясы