КОМАНДАЛЫҚ рух – басты жеңіс

Baitursynuly University қабырғасында оқытушылар мен қызметкерлер арасындағы біріншілік аясында волейболдан тартысты бәсеке өтті.

Бұл жылдамдықты, дәл пастарды және ойыншылардың өзара үйлесімді әрекетін талап ететін нағыз командалық спорт түрі.

– Жыл өткен сайын қатысушылар мен командалар саны артып келеді, – дейді ҚӨУ «Сұңқар» спорт клубының жетекшісі Аманжол Төлегенов.

Биыл волейболдан үздік атану үшін жеті команда бақ сынады.

Ең әсерлі сәт финалдық ойында орын алды. Қорытынды есеп 2:1 болып, педагогикалық институт командасы жеңіске жетті.

ЖЕҢІМПАЗДАР

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Бүгін сағат 14:00-де «Сұңқар» спорт кешенінде өтетін футзал жарысында кездескенше!

Қабылдау комиссиясы