Ауызбіршілікке шақырған «KRUvision»

Биыл 5 жылдық мерейтойын атап өткен Baitursynuly University-дің өнер сайысы мәресіне жетті!

KRUVISION – вокалдық байқау.

Әрбір қатысушы музыка арқылы көрерменге қалаған елінің мәдениетін, тарихын, салты мен ұлттық болмысын таныстырады.

Университетіміздің шағын мюзиклі десек те болады.

Шараны 2022 жылдан бері ҚӨУ жастар саясаты басқармасы мен @baitursynuly_parliament ұйымдастырып келеді.

Басты мақсат – студенттерді «өнер» деген шаңырақ астында ауызбіршілікке шақыру.

«Сайыста студенттеріміздің шығармашылық қасиеттерін паш ете отырып, бейбіт елімізде тату-тәтті өмір сүріп жатқан түрлі халықтың бай мәдениеті мен дәстүрін көрсетеміз. Негізі, бұл өзіңмен өзің бола алатын байқау», – деген еді жартылай финалда ҚӨУ жастар саясаты басқармасының басшысы Диана Ракпанова.

KRUVISION жобасының бесінші маусымы өткен жылдың желтоқсанында кастингтен бастау алған еді.

Қыста тоғыз талантты жас бақ сынасқан жартылай финал өтті. Ал енді, міне, сахна төрінде KRUVISION 2026 жобасының үздігін анықтау үшін төрт финалист өнер көрсетті:

Финал екі кезеңнен тұрды.

Бірінші кезеңде қатысушылар көрерменге елдердің музыкалық қойылымдарын ұсынды.

Ұлттық нақышты, тарих пен мәдениетті әуезді үнмен жеткізіп, шеберлік таныту маңызды болды.

Екінші кезеңде болса, нағыз вокалдық шеберлік таразыланды.

Кеште қатты әсер қалдырған сәттерді жазбай кете алмаған соң…

Екінші кезеңде магистрант Абылай өзінің сүйіктісіне, жан жарына арнап Surf Mesa-ның ILY композициясын орындады.
Риясыз, шынайы көңіл көрермен жүрегін тебірентпей қоймады.

Ал финалист Аружан «KeshYOU» тобының «Туған жер» әнімен көрерменді рухтандырды.

Зал бірге әндетіп, тіпті көзіне жас келгендер болды.

Ерекше қошеметке лезгинка биі де бөленді!

«Папахамен белді айналдыру» элементі ерекше шеберлікпен орындалды.

Бұл – биші жігіттің бөркін аруды айналдыра ептілікпен ойнататын би қимылы. Ол қыз балаға деген құрмет пен ықыласты, сондай-ақ қорғауға деген ниетті білдіреді.

Тағатсыздана күткен сәт те келіп жетті…

KRUVISION 2026-НЫҢ ҮЗДІК ӘНШІСІ – НАРҚЫЗ ЕРКІНҚЫЗЫ!

«Әр дайындықта дауыспен жұмыс істеп, жылы естеліктер, жаңа таныстықтар болды. Финалда АҚШ елінің Don’t You Worry ’bout a Thing (Tori Kelly) әнін орындадым.
KRUVISION мәңгілікке жүрегімде жылы естелік болып қалады», – дейді жеңімпаз.

Нарқызды лайықты жеңісімен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз!

Сондай-ақ байқау ұйымдастырушыларына және ҚӨУ жастарының өнері мен бастамаларына қолдау білдірген серіктестерімізге алғыс айтамыз: @arabica.kostanay @arabica.kostanay, @lusso.kostanai, @ztb_arena_kostanay, @bezpovoda.kst, @macan.kostanay, @direct.kst, @zodiac_cinema_kostanay, @theframelab_kst.

Келесі кезеңде әндеткенше, KRUVISION!

Қабылдау комиссиясы