ҚӨУ-нің өнерпаздары Елордадан жүлделі оралды

ҚӨУ-нің студенттер Мәдениет үйінің шәкірттері «GOLDEN SOUND» халықаралық вокалдық-аспаптық байқауының жеңімпаздары қатарында.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен сайысқа «Шабыт» домбыра ансамблі қатысып, Қаршыға Ахмедияровтың «Алтын ұя» күйін орындады. ҚӨУ студенттері аталмыш шығарманы асқан шеберлікпен ойнап шықты, нәтижесінде жүлделі 2-орынды иеленді. Ал жеке орындауда Экономика және құқық институтының магистранты Нарболат Бектыбаев 1-орынды жеңіп алды. Нарболат Құрманғазы Сағырбайұлының «Кішкентай» күйін орындаған болатын.

Студенттерді байқауға дайындаған «Шабыт» домбыра ансамблінің жетекшісі – Сайлау Әлия Қуанышбекқызы.

Студенттер Мәдениет үйінің шәкірттерін құттықтаймыз! Шығармашылық шабыттарыңыз таси берсін, алар асуларыңыз көп болсын!

Қабылдау комиссиясы