object(DateTime)#1056 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-10-24 01:36:01.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Баршамызға ортақ мереке

Baitursynuly University-де «Қыран елім – Қазақстаным!» патриоттық акциясының қорытынды гала-концерті өтті.

Республика күніне орай университетімізде өңіріміздің талантты жастары бір алаңға жиналды.

Концерт барысында Қостанай облысының әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов облыстың белсенді жастарын облыс әкімдігі мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Жастар және отбасы істері комитетінің алғыс хаттарымен марапаттады.

Марапатталғандардың арасында ҚӨУ студенттері де болғанын мақтан етеміз!

«Бүгін Тәуелсіздігіміздің 35 жылдығы, ерекше күн! ҚӨУ – өңірдегі білім ордаларының қара шаңырағы, мұнда жастар сапалы білім алып, үлкен қолдауға ие. Сіздер – арманына адал, жарқын болашаққа қарай қадам басқан ұрпақсыздар», – деп атап өтті Бақытжан Хаберұлы.

Baitursynuly University ректоры Сейтбек Қуанышбаев мерекеге орай ҚӨУ оқытушыларына, қызметкерлеріне және студенттеріне алғыс хаттар табыстады. Сонымен қатар, әріптестеріміз арнайы төсбелгілермен де марапатталды.

«Тәуелсіз Қазақстанның келешегі – білімді, талантты жастардың қолында. Ел туы биікте желбірей берсін! Баршаңызды мерекемен құттықтаймын!», – деді Сейтбек Бекенұлы.

Барша ұйымдастырушылар мен өнер көрсеткен жас таланттарға алғысымызды білдіреміз! Марапат иелеріне бақыт пен табыс тілейміз! Республика күні баршамызға құтты болсын!

Қабылдау комиссиясы