РАКЕТКАЛАР алаңда

Baitursynuly University-де спорттық бәсеке қыза түсуде. ҚӨУ оқытушылары мен қызметкерлері арасындағы біріншілік жалғасып, қатысушыларды сан алуан спорт түрлерінде жеңіске жетуге біріктіріп отыр.

Бүгін бадминтон жарыстары өтті.

Бұл – ойыншылар ракетка көмегімен воланды тордың арғы бетіне бағыттайтын спорт түрі (біреуі білсе, біреуі білмес).

Ойынның басты мақсаты – воланды қарсыластың алаңына дәл түсіріп, оның қайтара алмауына қол жеткізу.

Бадминтонда жылдамдық, дәлдік, төзімділік және тез шешім қабылдай білу ерекше маңызға ие.

ҚӨУ біріншілігіне барлығы 14 команда қатысты: 7 әйелдер және 7 ерлер командасы.

Турнир ҚАҺАРМАНДАРЫ

Ерлер арасында:

Әйелдер арасында:

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Ертең ШЕШУШІ КҮН. Алда қызықты да мазмұнды бағдарлама күтіп тұр: дартс, арқан тартыс, таяқ тарту, эстафета, шараның жабылу рәсімі және салтанатты марапаттау

Басталуы – 14:00, «Сұңқар» спорт кешені. Жіберіп алмаңыздар, қызық болайын деп тұр!

Қабылдау комиссиясы