26-27 ақпанда А.Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына арналған «Тіл білімінің атасы» атты республикалық пікірсайыс турнирі өтті.
Турнирге Павлодар педагогикалық университетінің, Павлодар мемлекеттік университеті, Қарағанды техникалық университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті және Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің, Семей медициналық университетінің, сонымен қатар Л.Гумилов атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Орал қаласынан Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің пікірсайысшылары қатысты.
Турнирдің бірінші күні мықтылар анықталып, оза шапқандары ақтық сынға жолдама алды. Екінші күні БПФ, ЛД форматында іріктеу финалы, ширек финал және финалдық ойындар өтті.
Турнир қорытындысы:
Үздік спикер – Әлиасқар Шөлібай (Нұр-Сұлтан қаласы)
Жастар Финалы – «Максимум» фракциясы (Орал қаласынан).
Турнир жеңімпаздары 80, 55, 35, 15, 10 мыңдық сертификаттармен марапатталды.