object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-29 11:55:28.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

«Бұл әлемді сіздер жарқын және мейірімді етесіздер!»

Бүгін Baitursynuly University-де аналарымыз бен қыз-келіншектерді әдемі гүлдерімен, жылы лебіздерімен және шығармашылық нөмірлерімен құттықтады.

Халықаралық әйелдер күніне орай студенттер жарқын концерттік бағдарлама дайындап,  ал университет басшылығы әсерлі құттықтауларын жеткізді.

«Қымбатты ханымдар, сіз бұл жалғанды жарқын және мейірімді етесіз, бізге шабыт беріп, ұжымымызда жылы атмосфера жасайсыздар! – деп бастады А.Байтұрсынұлы ҚӨУ ректоры Сейітбек Бекенұлы Қуанышбаев әріптестеріне, - Осы көктемнің тамаша мерекесінде шын жүректен зор денсаулық, шексіз бақыт, рухани үйлесімділік пен отбасына береке тілеймін. Өмірдегі әсемдік пен нәзіктікке жолбасшы бола жүріп, айналасына инабаттылықтың нұрын себіңіздер. Бақытты, сүйікті және табысты болыңыздар!, - деді ол.

Акт залының сахнасында студенттер өздерінің барлық таланттарын көрсетті: концерттік бағдарламада вокалдық, хореографиялық және аспаптық нөмірлер орындалды. Ал, барлық әртістер қошемет көрсетіп, университеттің қыз-келіншек профессор-оқытушы құрамы ұмытылмас эмоциялар мен мерекелік көңіл-күйге сыйлады!

Қабылдау комиссиясы