Педагогикалық білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін арнайы емтихан
Педагогикалық мамандықтарға түсуші тұлғалар жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін бір арнайы емтихан тапсырады.
"Педагогикалық ғылымдар" білім беру салалары бойынша түсу үшін құжаттарды қабылдау және арнайы емтихан өткізу күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 тамызы аралығында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік білім беру грантын беру конкурсына қатысуға ниет білдірген тұлғалар үшін арнайы емтихан өткізу 20 маусым мен 20 шілде аралығында жүзеге асырылады.
Құрметті педагогикалық мамандықтарға түсушілер! Арнаулы емтихан онлайн форматте дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 18:00-ге дейін. Арнаулы емтиханды бағалау 24 сағат ішінде жүзеге асырылады. Нәтижесі жеке кабинетіңізде қолжетімді болады.