Комплаенс-офицер бос лауазымына орналасуға конкурс
Жарияланды:
8 мамыр 2026
оқу 2 мин
72
«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы, 110000, Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі, 47 мекенжайында орналасқан, келесі бос лауазымға конкурс жариялайды:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің комплаенс-офицері
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
жоғары заңгерлік және/немесе экономикалық білімі болуы;
көрсетілген мамандықтар бойынша басшылық лауазымдарда, және/немесе ішкі бақылау бөлімшесінде, және/немесе аудиторлық компанияларда, және/немесе мемлекеттік органдарда кемінде 3 (үш) жыл жұмыс өтілі болуы;
комплаенс және этика мәселелері бойынша ішкі корпоративтік құжаттарды, стандарттарды, саясаттар мен рәсімдерді әзірлеу, сондай-ақ комплаенс рәсімдері шеңберінде бизнес-процестерді мониторингтеу, қызметтік тергеулер жүргізу, этика және комплаенс саласында есептілік қалыптастыру, компанияларда корпоративтік мәдениетті қалыптастыру бойынша тәжірибесі мен дағдыларының болуы құпталады;
соттылығының болмауы;
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының болмауы;
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі;
комплаенс қызметі саласында біліктілікті арттыру сертификатының болуы.
Конкурсқа келесі тұлғалар қатыса алмайды:
жиырма бес жасқа толмағандар;
бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған тұлғалар;
өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар тұлғалар;
медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрған тұлғалар;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға келесі құжаттарды ұсынады:
белгіленген нысандағы өтініш;
конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
белгіленген нысандағы 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті фотосуреті бар қызметтік тізімі;
білімі туралы құжаттардың және олардың қосымшаларының көшірмелері (түпнұсқаларын салыстыру үшін ұсыну қажет);
жұмыс орнындағы (қазіргі немесе соңғы) кадр қызметі растаған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
комплаенс-офицерді даярлау туралы сертификат;
құжаттарды тапсыру күніне дейін алты айдан аспайтын мерзімде берілген № 075/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік-кәсіптік консультациялық қорытынды);
мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттарды ұсыну күніне дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттарды ұсыну күніне дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген наркологиялық ұйымнан анықтама.
Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады. Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына, 110000, Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі, 47, 306 кабинетке тапсыру қажет.