object(DateTime)#1021 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-08 10:52:00.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Әскери кафедра

2016 жылғы 10 маусымындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы, университет ректорының 2016 жылғы 13 шілдедегі жеке құрам бойынша № 14 бұйрығымен А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің неігізінде әскери кафедра құрылды.

Әскери кафедраның міндеттері: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа әскерлері мен әскери құрамаларының бейбіт уақыттағы мобилизациялық резервін дайындау,  жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мен ҚР Қарулы Күштерінің имиджін арттыру.

Кафедраның құрамына:

Профессорлық-оқытушылық құрам;

Оқу-көмекші персонал;

Инженерлік-техникалық персонал кіреді.

Оқутышылар құрамы жүйелі түрдеу университет негізінде ұйымдастырылатын педагогикалық шеберлік курстарында және Ұлттық Қорғаныс университетінің негізінде біліктілігін арттыру курстарынан өтеді.

Кафедрада 400-ден астам студент білім алуда.

Әскери кафедрада болашақ офицерлердің моральдық-психологиялық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында жүйелі түрде тәрбие және әскери-патриоттық жұмыс жүргізіледі.

2018 жылы 4 мамыр күні әскери кфаедра негізінде «Жәнібек-Тархан» әскери-патриоттық клубы құрылды.

2021 жылы әскери кафедра университет студенттерінің арасында келесі мамандықтар бойынша запастағы офицерлер мен запастағы сержанттарды дайындайды.

Запастағы офицерлерді дайындау

  • Жалпы әскери бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік қолдану
    Ерлерге арналған мамандық
  • Аумақтық қорғанысты жоспарлау және ұйымдастыру
    Ерлерге арналған мамандық
  • Құрлық әскерлерінде тәрбие және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру
    Ерлер мен қыздарға арналған мамандық
  • Құрлық әскерлерінде байланысты ұйымдастыру
    Ерлерге арналған мамандық
  • Әскерлер қызметін және қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бөлімшелерін қолдану
    Ерлерге арналған мамандық
  • Психологиялық жұмысты ұйымдастыру
    Қыздарға арналған мамандық

Запастағы сержанттарды дайындау

  • Атқыштар
    Ерлерге арналған мамандық
  • УКВ
    Ерлерге арналған мамандық

Әскери кафедрада оқудың артықшылықтары

  • Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық курсын толық меңгерген студенттерге "запастағы лейтенант" және "запастағы кіші сержант" әскери атағы тағайындалады;
  • Әскери дайындық азаматтық мамандық бойынша білім алумен қатар іске асырылады және әскери билет дипломмен қатар беріледі;
  • Офицерлік атақ университетті тәмамдағаннан кейін жұмысқа орналасу барысында қосымша артықшылық береді;
  • Берілген әскери атақ әскери-мамандық бойынша жұмысқа тұруға мүмкіндік береді;
  • ҚР Қарулы кұштері қатарына шақыру жағдайында әскери кафедраның түлектері ҚР заңдарында көзделген жабдықталудың барлық түрлерімен қамтамасыз етіледі.

Әскери дайындық және оқу мерзімі

  • Әскери дайындықты ұйымдастыру формасы - «Әскері күн» әдісі
  • Запастағы офицерлер дайындығы бағдарламасы бойынша - 2 жыл
  • Запастағы сержанттар дайындығы бағдарламасы бойынша - 1 жыл

Қабылдау

Құжаттарды тапсыруға құқылы студенттер:
  • Құжаттар бірінші (4 жылдық оқумен) және екінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен қабылданады
  • Құжаттар бірінші, екінші (4 жылдық оқумен) және бірінші, екінші, үшінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен қабылданады

Құжат қаблдаудың мерзімі: Құжаттарды қабылдау іріктеу комиссиясының жұмысы басталғанға дейін 10 жұмыс күні бұрын аяқталады

Іріктеу комиссиясының жұмыс істеу мерзімі: Іріктеу комиссиясының жұмысы университеттің академиялық күнтізбесіне сәйкес жазғы сессия аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей басталады

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттардың тізімі:
  1. Жеке куәлік (түпнұсқасы мен көшірмесі).
  2. Тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқасы мен көшірмесі).
  3. Көлемі 3х4 см 2 фотосурет.
  4. Соттылығының болмауы туралы анықтама.
  5. Студенттің университетте нақты оқитыны туралы факультет деканы немесе институт директоры қол қойған анықтама
  6. Екі файл
  7. Картоннан жасалған папка-мұқаба
Әскери-дәрігерлік комиссиядан өту үшін қажетті анықтамаларды тізімі.
Поликлиникалар мен ХҚКО (ЦОН) орталықтарынан жиналады.
  • Жалпы қан талдауы;
  • Жалпы несеп талдауы;
  • мұрын қосалқы қуыстарының рентгенографиясы;
  • кеуде қуысы ағзасын флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеу (медициналық куәландыру күніне үш айдан кешіктірілмей жүргізіледі;
  • тыныш жағдайдағы ЭКГ (жүктемеден кейін – көрсеткіштер бойынша)
  • мерезге микропреципитация реакциясы (микрореакция;
  • тері-венерологиялық диспансерден анықтама;
  • туберкулезге қарсы диспансерден анықтама;Цон
  • наркологиялық диспансерден (наркологиялық тестілеу нәтижелерімен); Цон
  • психоневрологиялық диспансерден анықтама;Цон
  • профилактикалық егулер картасы (форма 63/У)
  • амбулаторлық, стационарлық пациенттің медициналық картасынан көшірме (форма 25/У),
  • Д-есебі туралы учаскелік дәрігерден соңғы 5 жыл үшін анықтама

Конкурсқа қатысуға жіберіледі: Конкурсқа қатысуға жіберіледі

Конкурс кезеңдері
  • Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 бұйрығыменбекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларына және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережеге (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11846 болып тіркелген) сәйкес медициналық куәландырудан өту;
  • кәсіби-психологиялық тестілеу жүргізу
  • дене шынықтыру дайындығын тексеру;
  •  Университет басшысы жасайтын және бекітетін рейтингілік балл есебіне сәйкес жүзеге асырылатын конкурстық іріктеу
Конкурс кезеңдеріне жібермеу негіздері
  • Әскери-есептік комиссияның медициналық куәландыруының нәтижесінде «ЖАРАМСЫЗ» деп танылған студенттер конкурстың қалған кезеңдеріне жіберілмейді;
  • Кәсіби-психологиялық тестілеудің «Ұсынылмады» деген нәтижесін алған студенттер дене шынықтыру дайындығын тексеру кезеңіне жіберілмейді;
  • Дене шынықтыру нормативтерін тапсыра алмаған студенттер конкурсқа қатыспайды (тапсыраалмаған деп үш нормативті тапсыру сомасы бойынша 8 балл жинамаған студенттер конкурс кезеңінен өтпеген болып саналады). Нормативтердің кез келгенін тапсырудан бас тартқан студенттер барлық нормативтерді тапсырмады дегенді білдіреді.
Әскери дайындықтың аяқталуы
  • Әскери дайындық ЖЖООКБ-да оқу аяқталғанға дейін бір жыл бұрын оқу-жаттығу жиынымен (кәсіби практикамен) аяқталады
Әскери атағы беріледі
  • Әскери дайындықтың толық курсын аяқтаған студенттерге "запастағы лейтенант" әскери атағы беріледі.
  • Әскери дайындықтың толық курсын аяқтаған және бітіру емтихандарын тапсырған студенттерге "запастағы кіші сержант" әскери атағы беріледі
Грантқа құқылы студенттер
  • Тегін негізде оқу үшін әскери кафедраға бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша бөлінген орындар санына сәйкес келетін нөмірге дейін рейтингіде тұрған студенттер жіберіледі
  • Оқудың тегін нысаны қарастырылмаған
Қабылдау комиссиясы