Сыздық Алия
Витаутус Великий Литва университетіндегі қосдипломды бағдарламасы туралы пікірі
«Еуропада білім алу туралы шешім қысқа мерзімде қабылданғанына қарамастан, бұл менің өмірімдегі ең дұрыс қадамдардың бірі болды. Біз жаз бойы дайындалып, құжаттар жинап, ағылшын тілімізді жақсартып, 2023 жылдың қазан айында оқуға келдік. (Біздің кеш келуіміз Тұру ыхтиярхаты құжатын күткенімізге байланысты болды.) Семестр қыркүйекте басталып кеткендіктен, алғашқы уақытта біз Қазақстаннан онлайн форматта оқуды бастадық.
Мұндағы оқу ағылшын тілінде жүргізіледі. Қажет болған жағдайда университет жанында ағылшын тілін жетілдіру курстары бар, сондықтан негізгі пәндермен қатар тілді де дамытып, оқу үрдісін үзбей жалғастыруға мүмкіндік беріледі.
Витаутас Великий университетінде бізге профессор Дануте Зинкявичене, профессор Веса Нисканен, профессор Эрика Бесуспариене сияқты бухгалтерлік есеп саласындағы ең үздік еуропалық мамандар сабақ берді.
Қосдипломды бағдарламасының шарттарына сәйкес, біз бір оқу жылын Литвада өткіздік. Осылайша, 3-курс оқуымызды Литвада аяқтап, кейін өз отанымыздағы университетке оралып, білімімізді жалғастырдық. Оқуды аяқтағаннан кейін біз бірден екі диплом алдық: Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің және Витаутас Великого Литва университетінің дипломдары.
Қосдипломды бағдарламасы 4 жыл ішінде екі диплом алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, Литва Еуропалық Одақ құрамында болғандықтан, бұл білім болашақта бүкіл Еуропа аумағында жұмысқа орналасу мүмкіндігін кеңейтеді.»




