Құрметті студенттер мен магистранттар Бос мемлекеттік білім беру гранттарын беруге конкурс жарияланады

Құрметті білім алушылар 2026 жылғы 09 қаңтарға 2025-2026 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау жүргізіледі.

Конкурс Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығымен бекітілген "бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін,  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларының 4 -тарауына сәйкес өткізіледі.

Конкурс аралық аттестаттау нәтижелері бойынша GPA үлгерімінің орташа балы негізінде өткізіледі.

GPA үлгерімінің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда тек А, А – ("өте жақсы") бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады, келесі кезекте А, А – ("өте жақсы") бастап В+, В, В–; С + ("жақсы"), бұдан әрі  бүкіл оқу кезеңіндегі аралас бағалау.

Өтініштер мен құжаттар қағаз және электрондық түрде (сканер) беріледі. Электрондық түрде барлық сканерленген құжаттар папкада сақталады, папканың аты  -бос грантқа үміткердің Тегімен белгіленеді.

Құжаттарды қағаз және электронды түрде институттар директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қабылдайды.

Список высвободившихся грантов в первом полугодии 2025-2026 учебного года (сілтеме арқылы өту)

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі:

  1. Білім алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  2. Басқарма Төрағасы – ЖОО ректорының атына бос білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу туралы білім алушының өтініші. Өтініш мәтінінде GPA балын ашық қолжетімділікте жариялауға келісім көрсетілуі тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтініштің үлгісі қазақ тілінде (жүктеу);

Конкурсқа қатысуға өтініштің үлгісі орыс тілінде (жүктеу).

  1. Бүкіл оқу кезеңіндегі Транскрипт (қысқы сессия емтихандарын аяқтағаннан кейін Платонустың жеке кабинеті арқылы тапсырыс беріңіз)
  2. Сертификат ҰБТ (магистратура – сертификат КТ)

Назар аударыңыз! Электрондық түрде құжаттардың барлық сканерлері бір файлда болуы керек .pdf келесі тәртіпте: жеке куәлік өтініш транскрипт ҰБТ сертификаты.

Институт директорлары орынбасарларының байланыс телефондары:

Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты – 8 (7142) 54-58-74 (ішкі 156), каб.102 8-701-498-13-01

Экономика және құқық факультетi- 8 (7142) 51-11-53, Байтурсынова, 47 (корпус 1б, каб.313, 314)

Машина жасау, энергетика және АТ факультеті– Абая, 28  (корпус 2 , каб. 203)

Ауыл шаруашылығы ғылымдары факультеті– 8 (7142) 55-84-67, Абая, 28 (корпус 2, каб. 412)

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті-8 (7142) 51-11-53, Байтурсынова, 47 (корпус 1, каб.205)

 

 

Қабылдау комиссиясы