object(DateTime)#1027 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-06 06:50:31.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Құрметті студенттер мен магистранттар Бос мемлекеттік білім беру гранттарын беруге конкурс жарияланады

Құрметті білім алушылар 2024 жылғы 01 шілдеге дейін  2023-2024 оқу жылының жазғы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау жүргізіледі.

Конкурс Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 Бұйрығымен бекітілген "бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін,  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларының 23-тармағына сәйкес өткізіледі.

Конкурс аралық аттестаттау нәтижелері бойынша GPA үлгерімінің орташа балы негізінде өткізіледі.

GPA үлгерімінің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда тек А, А – ("өте жақсы") бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады, келесі кезекте А, А – ("өте жақсы") бастап В+, В, В–; С + ("жақсы"), бұдан әрі  бүкіл оқу кезеңіндегі аралас бағалау.

2023-2024 ж.ж. жазғы сессиясының қорытындысы бойынша босаған гранттардың тізімі

Өтініштер мен құжаттар қағаз және электрондық түрде (сканер) беріледі. Электрондық түрде барлық сканерленген құжаттар папкада сақталады, папканың аты  -бос грантқа үміткердің Тегімен белгіленеді.

Құжаттарды қағаз және электронды түрде институттар директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қабылдайды.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі:

  1. Басқарма Төрағасы – ЖОО ректорының атына бос білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу туралы білім алушының өтініші. Өтініш мәтінінде GPA балын ашық қолжетімділікте жариялауға келісім көрсетілуі тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтініштің үлгісі қазақ тілінде (жүктеу);

Конкурсқа қатысуға өтініштің үлгісі орыс тілінде (жүктеу).

  1. Білім алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  2. Бүкіл оқу кезеңіндегі Транскрипт (жазғы сессия емтихандарын аяқтағаннан кейін Платонустың жеке кабинеті арқылы тапсырыс беріңіз)

Институт директорлары орынбасарларының байланыс телефондары:

Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты – 8 (7142) 54-58-74 (ішкі 156)

Экономика және құқық факультетi  -  8 (7142) 51-11-58

Машина жасау, энергетика және АТ факультеті– 8 (7142) 55-84-54

Ауыл шаруашылығы ғылымдары факультеті– 8 (7142) 55-84-67

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті-8 (7142) 51-11-53

Қабылдау комиссиясы