object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-06-02 00:26:44.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

2025 КҮНТІЗБЕЛІК ЖЫЛДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ СТИПЕНДИЯСЫН АЛУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

Құрметті білім алушылар, 2025 жылдың 03 маусымына дейін eкінші жартыжылдығында Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын алуға арналған конкурсқа құжаттарды қабылдау жүргізіледі.

Президенттік стипендияны тағайындау тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 136 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған стипендияны тағайындау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

Стипендия санын ЖЖОКБҰ арасында бөлу Қазақстан Республикасының ЖЖОКБҰ-дағы күндізгі оқу нысаны бойынша студенттер мен магистранттар контингентіне сәйкес жүзеге асырылады.

Күндізгі оқыту нысаны бойынша студенттер мен магистранттар контингенті кемінде 700 адам болатын ЖЖОКБҰ-ларға стипендия бөлу жүзеге асырылмайды.                                                                                               

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  1. Стипендия күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге 3-курстан бастап, магистранттарға – екінші оқу жылынан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде тек «өте жақсы» (А, А-) оқитын студенттерге беріледі.
  2. Стипендия білім алушылардың мынадай санаттарына тағайындалады:

Үміткердің 2024-2025 оқу жылындағы, құжаттармен расталған жетістіктері ескеріледі.

Үміткерлерді іріктеу тәртібі:

  1. Үміткер растайтын құжаттардың сканерлерін Платонус жүйесіне жүктейді, сондай-ақ растайтын құжаттардың электрондық пакетін (сапалы сканерлер) институт деканының тәрбие жөніндегі орынбасарына тапсырады. Платонус жүйесіне құжаттарды жүктемеген үміткер конкурсқа жіберілмейді.
  2. Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары үміткерлердің құжаттарын талаптарға сәйкестігін тексереді және 2025 жылғы 03 маусымда Комиссия хатшысына табыс етеді;
  3. Комиссия ұсынылған құжаттарды талдайды, университеттің Ғылыми кеңесінің отырысына ұсынады.
  4. Іріктеу үміткерлерге қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Тең жағдайда артықшылығы бар:
  1. Ғылыми кеңес әр үміткерге жеке-жеке Президенттік стипендия тағайындау туралы шешім қабылдайды.
  2. Стипендияны тағайындау ғылыми кеңестің шешімі негізінде жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар тізімі:

  1. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ Басқарма Төрағасы –ректорының атына ҚР Президентінің стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға білім алушының өтініші, (қазақ тіліндегі шаблон, орыс тіліндегі шаблон). Файл атауы: Тегі_өтініш.doc;
  2. Білім алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  3. Оқытудың барлық кезеңіндегі Транскрипт (оның ішінде 2024-2025 ж.ж. жазғы сессиясының барлық емтихандарының нәтижелері). Платонус арқылы жеке кабинетте транскриптке тапсырыс беріңіз. Файл атауы: Тегі_куәлік.doc
  4. Үміткердің 2024-2025 оқу жылындағы жетістіктерін растайтын құжаттардың сканерлері (дипломдар, грамоталар, сертификаттар және т.б.). Әр құжат жеке файлға сканерленеді: Тегі_ Құжаттың атауы. Растайтын құжаттары бар барлық файлдар Фамилия_ Жеке жетістіктер папкасына жиналады.
  5. Өтініш, куәлік, транскрипт сканері бар файлдар және жеке жетістіктері бар папка жеке бір бөлек папкаға жиналады: Папка атауы: Үміткердің Тегі, Аты, Әкесінің Аты

Үміткердің құжаттары бар электрондық папканың үлгісі:

 

Құжаттарды институт директорының / факультет деканың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары 2025 жылғы 03 маусымға ақпанға дейін қабылдайды

Институт директорлары орынбасарларының байланыс телефондары:

Платонус жүйесіне растайтын құжаттарды жүктеу бойынша кеңестер:

Қабылдау комиссиясы