ТДМ

«Оқы және жең»: ҚӨУ оқытушысы топ жарды

Қостанай облысында дәстүрлі түрде өтетін «Оқы және жең» байқауы биыл төртінші рет ұйымдастырылды.

Бағын сынаған 9800 адамның арасында бәсеке өте жоғары болды. Шарт бойынша қатысушылар үш кітапты толық оқып, әрқайсысы бойынша тест тапсырып, соңында эссе жазуы керек болды.

19 жастан жоғары қатысушылар санатында (бұл топта 4700-ден астам адам болды) ҚӨУ-дің әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің филология және практикалық лингвистика кафедрасының аға оқытушысы Шынар Төлегенова жеңімпаз атанды! 1-орынды иеленді!

Шынар Исланбекқызы өткен жылы да осы байқауға қатысып, 2-орын иеленген болатын. Биыл ол өз нәтижесін жақсартып, алтын тұғырдан көрінді.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Мақтан тұтамыз!

Қабылдау комиссиясы